Кітап - оқу құндылығы

Кітап - оқу құндылығы
Сурет: автордан

Кітап – адам жан дүниесінің рухани қазынасы, асыл байлықтың өлшемі.

«Кітап – көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан» демекші, әлемнің барлық асылы кітапты сүйетін адамға сый ретінде беріледі. Кітап оқу тек рухани азық емес, сонымен қатар адам денсаулығына тікелей әсер етеді. Зерттеулерге сүйенсек, көп кітап оқу тек қана білім бермей адамның денсаулығына да көптеген пайдасын тигізеді екен. Әр бұлшық етті шынықтырып, жетілдіріп отырған сайын адамның физикалық жағдайы жақсарып, денсаулыққа жақсы сеп тигізеді. Әр жаттығулар сайын жаңа мүмкінішіліктер артып, күш көбейіп отырады. Егер жаттығулар мүлдем жасалынбайтын болса, бұлшық еттер қызмет жасамайтын болса арты жағымсыз нәтижелерге әкеледі. Сол тәрізді адамның миы да жаттығуларды қажет етеді. Ал кітап оқу – ми үшін ең қажет жаттығулардың бірі. Әр кітапты зейін қойып оқыған сайын адам стресстік жағдайлардан арылып, тыныштыққа бөленеді, және де кітапты көп оқыған адамдар альцгеймер, ұмытшақтық тәрізді ауруларға душар болу пайызы төмендейді. Кітапты көп оқыған адамның сөздік қоры көбейіп, есте сақтау қабілеті әжептәуір жоғарылайды.

Қазіргі таңда жаһандану заманында жасөспірімдердің кітап оқуға деген ниеттері төмендеп бара жатыр, әр түрлі гаджеттердің, баланың назарын аулайтын электронды дүниелердің кесірінен оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтары төмендеуде. Жасөспірімдерді кітап оқуға баулу, әлемдік және қазақ жазушыларының шығармаларымен таныстыру мақсатында Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №176 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі онкүндігі аясында 8-сыныптар арасында «Reading in our life» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шара оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында сайыс форматында өткізілді. Сайыс барысында кіріспе ретінде кітап туралы қызықты ақпараттар, қазақ және ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдер, берілген мақалдардың мағынасын ашу сынды тапсырмалар, оқушылардың кітап оқуға деген көзқарастары, сүйікті шығармалары сынды тақырыптар талқыланды. Сайысқа қатысқан оқушылар: 8 «А» сынып оқушылары – Бектұрсын Ерәсіл, Момбай Сырым, Тохтамыс сүйеніш, 8 «Ә» сынып оқушылары – Амангелді Әділ, Каржасова Айдана, 8 «Г» сынып оқушысы – Жансейіт Даниэль, 8 «Д» сынып оқушылары – Жалғасова Айзере, Абдуллаева Аружан. Сайыс толықтай ағылшын тілінде жүргізіліп, жалпы 5 кезеңнен тұрды. Топқа бөлу суреттердің бөліктерін біріктіру арқылы жүзеге асырылды. Алғашқы кезеңде оқушылар топтың атауын және ұранын ойлап тауып, қорғады. Мақал-мәтелдерді аяқтау, берілген шығармаларды авторларымен сәйкестендіру, кітап жанрлары бойынша сөздерді құрастыру және сұрақтарға жауап беру сияқты кезеңдерден тұрды. Оқушылар белсенді түрде қатысып, ағылшын тілінде өз ойларын еркін жеткізе білді. Сайыс барысында оқушылар әр кезең сайын стикерлер арқылы бағаланды.

Іс-шараға мектеп-гимназия директоры Нуржамал Есиркеповна директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Калия Уалибековна, ағылшын тілі бірлестігінің жетекшісі Жанна Абзаловна және ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.

Көрермен ретінде қатысушыларға да қызықты сұрақтар қойылып, іс-шараға белсенді түрде араласты. Мектеп-гимназия директоры іс-шара бойынша өз ойын білдіріп, жоғары деңгейде өткізілді деген баға берді. Оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеп, белсенді түрде кез келген тапсырманы жедел орындауларын ерекше атап өтті. Жалпы іс-шара өз мақсатына жетіп, оқушылардың рухани азығын арттырды. Барлық қатысушылар мектеп-гимназия директоры атынан дипломмен марапатталды.