Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ресми интернет-дүкені іске қосылды

Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ресми интернет-дүкені іске қосылды
Сурет: olympics.com

AliExpress Gangwon 2024 жылғы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының (YOG) ұйымдастыру комитетімен серіктесе отырып, Сеулде Gangwon 2024 лицензиясы бар тауарларды сататын интернет-дүкенін ашты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Kazinform-ге сілтеме жасап.

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) платформада көрсетілетін эксклюзивті және ресми лицензияланған өнімдерді атап өтіп, бұл кәсіпорынды қолдағанына қуанышты екенін білдірген.

«Бұл дүкеннің виртуалды сөрелерінде Moongcho ресми тұмарынан бастап, төсбелгілерге, киімдерге, аксессуарларға, кеңсе тауарларына және т.б. көптеген өнімдер болады. Бұл топтама Корея Республикасындағы жанкүйерлер үшін жалпы Олимпиада тәжірибесін арттыра отырып, жарқын атмосфераны құруға бағытталған», - делінген хабарламада.

интернет дүкені
Фото: olympics.com

Еске сала кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы биыл 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтеді.

Қазақстан намысын спорттың бес түрі мен 10 дисциплина бойынша 42 спортшы қорғайды. Атап айтар болсақ, биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынайды.

Біздің спортшылар 30 жолдама жеңіп алды.