Қысқы Олимпиадаға қатысқан 91 елдің 29-ы медаль алды

Қысқы Олимпиадаға қатысқан 91 елдің 29-ы медаль алды
Cурет: Ашық дереккөз

Барлығы 109 медаль жиынтығы сарапқа салынды

Бейжің Олимпиадасына 91 ел қатысып оның 29-ы жүлде алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бейжіңде өткен XXIV қысқы Олимпиада ойындарына әлемнің 91 елінен келген 4 мыңға жуық спортшы қатысты.

Онда дүбірлі додада спорттың 7 түрінен 15 пән бойынша 109 медальдар жиынтығы сарапқа салынды.

Алайда, Олимпиада ойындарындағы жеңіс тұғырына көтерілу бақыты тек 29 елдің спортшыларына ғана бұйырды. Қалған 62 елдің спортшылары тек жарыс майдандарында сынға түсіп, қоржындарын бос көтеріп қайтты.

Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар. Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғады. Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсті. Өкінішке қарай жүлделі орындарға ешкім шыға алмады.

Бейжің-2022 Олимпиадасында жүлде алған мемлекеттер тізімі: