Қырғызстанда президенттердің бейресми кездесуі өтті

Қырғызстанда президенттердің бейресми кездесуі өтті
сурет: 24.kz

Мемлекет басшылары елдер арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жай-күйін талқылады

Шолпан-Атадағы ертеңгі саммит басталмас бұрын Қырғызстан президенті өз әріптестеріне әуелі Ыстықкөлдің табиғатын көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев Ыстықкөлде теплоходпен серуендеді. Галстуксыз, яғни бейресми кездесу барысында да мемлекет басшылары елдер арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жай-күйін талқылады. 

Орталық Азия мемлекет басшыларының төртінші Консультативтік кездесуі ертең осы Шолпан-Атада түс әлетінде басталады деп жоспарланып отыр. Бұл үш елдің көшбасшысына Тәжікстан мен Түркіменстан елдерінің президенттері келіп қосылады.