Қырғызстанда бір жынысты некеге тыйым салмақ

Қырғызстанда бір жынысты некеге тыйым салмақ
Сурет: Elements.envato.com

Құжатты елдің Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі дайындаған.

Жаңа жобада некеге 18 жастан бастап тұруға рұқсат берілген. Түзетулерге сәйкес, некеге тек ер мен әйел ғана тұра алады. Мемлекеттік тіркеусіз діни неке қиюға тыйым салынған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл ережені бұзғандарға заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілік көзделген. Сондай-ақ, сотталып, жазасын өтеп жатқан азаматтарға некеге тұруға болмайды. Кодексті түзетудегі мақсат - отбасы институтын дамыту, дәстүрлі отбасы құндылықтарын сақтау және қоғам өмірінде отбасы рөлін арттыру.