Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан Франция құрамасымен кездеседі

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан Франция құрамасымен кездеседі
Сурет: Tengrinews.kz

15 мамырда Қазақстан құрамасы Финляндияда өтетін шайбалы хоккейден әлем чемпионатында екінші ойынын өткізеді. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Франция құрамасымен ойнайды. Бұл матчты Qazsport телеарнасынан көруге болады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:20-да басталады.

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатындағы бірінші ойынында Дания құрамасынан 1:9 есебімен жеңілді. Қазақстаннан жалғыз шайбаны матч соңында (59-шы минут) Кирилл Савицкий соқты.