Хоккейден әлем чемпионатында ел құрамасы Венгриямен кездеседі

Хоккейден әлем чемпионатында ел құрамасы Венгриямен кездеседі
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстан – Венгрия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 21:30-да басталады

12 желтоқсанда Қазақстан құрамасы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының І дивизионы А тобы аясында Венгриямен кездеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz порталына сілтеме жасап.

Бірінші сайыс күні екі команда да сәтсіз өнер көрсетті. Қазақстандықтар франциялық құрдастарынан 0:2 есебімен жеңілсе, венгриялық құрама турнир қожайыны Данияға овертаймда (2:3) есе жіберді.

Енді Александр Истомин шәкірттеріне тек жеңіс қажет. 

Қазақстан – Венгрия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 21:30-да басталады.