ХҚКО 30 тамызда жұмыс істемейді

ХҚКО 30 тамызда жұмыс істемейді
Сурет: интернеттен

31 тамызда ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмысын жалғастырады.

Елімізде Конституция күнін мерекелеуге байланысты 30 тамызда Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар азаматтарды қабылдамайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

31 тамызда олар азаматтарды әдеттегі кесте бойынша қабылдайтын болады.

Қалыпты режимде ХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Шақыру бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.