Ханойға барғысы келетіндерге жол ашық

Ханойға барғысы келетіндерге жол ашық
Сурет: Ria.ru

Вьетнам туристерді қабылдауға дайын.

Вьетнам халықаралық саяхатшылар үшін шекараларын қайта ашты және екі жылдық шектеулерден кейін 13 елдің, оның ішінде Ресейдің азаматтары үшін 14 күндік визасыз кіруді қалпына келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Ресми Ханойдың туристерге жасап жатқан ерекшеліктер туралы осы елдің  Денсаулық сақтау министрлігінің 15 наурызда қол қойылған бұйрығында айтылған. 

Жаңа ережелерге сәйкес Вьетнамға әуе арқылы кіру үшін шетелдік туристке ұшудан 72 сағат бұрын теріс ПТР сынағы немесе ресми зертханада ұшудан 24 сағат бұрын жасалған жедел тестілеу теріс нәтижелері қажет. Ковидті камтитын және кемінде 10 мың долларға есептелген міндетті медициналық сақтандыру туралы талап өз күшінде қалады.