Халықаралық Ташкент кинофестивалінде отандық фильмдер көрсетіледі

Халықаралық Ташкент кинофестивалінде отандық фильмдер көрсетіледі
Сурет: 24.kz

Қазақстандық кинотуындылар Өзбекстан төрінде

28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ташкентте өтетін «Жібек жолының маржаны» атты халықаралық кинофестивальде отандық фильмдер көрермендерді қуантпақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық делегацияны Азамат Сатыбалды, Нұржұман Ықтымбаев, Самал Есләмова сынды танымал актерлер бастап барды. Олар жас кинематографтармен кездесіп, шеберлік сыныптарын өткізеді деп жоспарланған. «Әлемдік кино күндері» аясында жұртшылық назарына «Әміре», «Аманат», «Анаға апарар жол» сынды отандық фильмер ұсынылады. Айта кету керек, халықаралық Ташкент кинофестивалі осымен 13-ші рет өтеді.

«Қазақстандық кино жайлы айтар болсам, соңғы уақытта бұл сала сіздерде қатты дамыды. Мен көптеген актерлерді, шығармашылық топ мүшелерін танимын. Бауырлас елдегі киноиндустрияның жақсы дамып келе жатқанына қуаныштымын. Олардың туындылары осы кинофестивальге қатысатын көптеген мемлекеттердің фильмдерінен ерекше болады деп сенемін», - деді актер Зухритдин Режаметов.