«Халықтың қатысу бюджеті» жоба аясында Бостандық ауданына бөлінетін қаражат көлемі өсті

«Халықтың қатысу бюджеті» жоба аясында Бостандық ауданына бөлінетін қаражат көлемі өсті
Сурет: Almaty.tv

766 млн теңгеге дейін ұлғайды.

Үстіміздегі жылы «Халықтың қатысу бюджеті» жоба бойынша Алматының Бостандық ауданына бөлінетін қаражат көлемі өсті. Себебі Бостандық ауданы тұрғындарының ұсыныстары бойынша 21 жоба іріктелді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен болған кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жайлылықты дамыту және қаланы абаттандыруды жақсарту үшін 2019 жылдан бастап Алматыда «Халықтың қатысу бюджеті» жобасы іске асырылуда. 

Биыл бұл жоба бойынша Бостандық ауданы үшін қаржыландыру көлемі 58%-ға 766 млн теңгеге дейін ұлғайды (2021 жылы 483,8 млн теңге). 

«Бостандық ауданы тұрғындарының ұсыныстары бойынша 21 жоба іріктелді. Онда балалар және спорт алаңдарын, Гагарин, Масанчи, Бұқар жырау гүлзарларын, Қазақ мемлекеттік циркі және Қазақ мемлекеттік университеті, №10 мектеп жанындағы тынымбақтарды, Тимирязев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағын, жасыл аймақтарды суару құбырларын ағымдағы жөндеу көзделген»,- деді Ерболат Досаев кездесу барысында.