Халыққа барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі

Халыққа барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі
almaty-akshamy.kz

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб апаттан зардап шеккен өңірлердегі халыққа медициналық көмек көрсету мәселесін ерекше бақылауда ұстайды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істеуде, дәрігерлер мен жедел медициналық жәрдем бригадалары қосымша тартылуда. Барлық эвакуацияланғандарды дәрігерлер қарап-тексеруде, олардың жағдайы тұрақты, қандай да бір жарақат алу туралы шағымдар түскен жоқ. Жүкті әйелдер мен балалардың жағдайына бақылау жүргізілуде. Босану уақыты таяған әйелдер аудандық және облыстық орталықтарға көшірілді.Денсаулық сақтау министрлігінде жағдайдың күнделікті мониторингі жүргізілуде. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін медициналық және психологиялық көмектің қосымша бригадаларын ашу үшін қызметтердің дайындығы қамтамасыз етілді. 

Халықты уақытша жинау пункттерінде тәулік бойғы медициналық посттардың жұмысы қамтамасыз етілді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті қорлары дайындалды. Барлық өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды бақылау және мониторинг күшейтілді.

Сонымен қатар жергілікті жерлерде денсаулық сақтау мәселелері бойынша байланыс орталықтарының жұмысы бірыңғай алгоритммен тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауыстырылды.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлер тұрғындары денсаулық сақтау басқармаларының Call-орталықтары бойынша келесі нөмірлерге жүгіне алады:

  • Ақтөбе облысы (+7 (7132) 41 02 13)

  • Қостанай облысы (+7 (7142) 52 40 70)

  • Батыс Қазақстан облысы (+7 (7112) 24 00 06)

  • Қарағанды облысы (+7 (7212) 95 55 59)

  • Абай облысы (+7 (7222) 56 64 50)

  • Ұлытау облысы (+7(7102) 99 95 09)

  • Ақмола облысы (109)