Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы референдумның өтуі барысына баға берді

Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы референдумның өтуі барысына баға берді
optimism.kz

Ресей Федерациясынан халықаралық бақылаушылар Михаил Лебенденский мен Лира Бурак Алматы қаласының сайлау учаскілеріндегі дауыс беру барысы туралы өз бақылауларының нәтижесін хабарлады.

- Біз екі күн бұрын референдумға дайындық барысын бақылауды бастадық. Бақылау нәтижесінде барлық дауыс беру орталықтары жоғары деңгейде дайын екенін айта аламыз. Сондай-ақ, қала тұрғындарымен тілдесу барысында алматылықтардың референдум туралы барынша ақпараттанғанына көзіміз жетті. Бүгін сайлау учаскелерінің ашылуынан бастап, 12 орталықты аралап үлгердік. Күннің соңында дейін әзірге бармаған сайлау учаскілерін бақылайтын боламыз. Адамдардың белсенділігі туралы айтатын болсақ, алматылық дауыс берушілер таңғы сағат 8:30-дан бастап белсенді келе бастады. 10:00-ге қарай адамдардың саны күрт көбейгені көрінді. Қазақстанда дауыс беру бір күнге ғана созылатындықтан барлық адамдардың дауыс беріп үлгергені маңызды, – деді  Михаил Лебенденский.

- Түске дейінгі бақылауымыз бойынша дауыс беру орталықтарында қажетті жабдықпен қамту жағынан заң бұзушылық тіркелмеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға барлық жағдай жасалған. Жалпы сайлау орталықтарындағы көңіл-күй тұрақты, тіпті көңілді десе болады, – деді Лира Бурак.