Халық дұрыс таңдау жасайды деп сенемін

Халық дұрыс таңдау жасайды деп сенемін
almaty-akshamy.kz

Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ, Қазақстанның халық әртісі:

– Міне, бүгін отбасымызбен барып дауыс бердік. Елдің болашақ басшысын таңдау – әрбір азаматтың борышы. Мен сайлауға үлкен жауапкершілікпен қараймын. Сіздерді де соған шақырамын. Бұған ешкім бейжай қарамауымыз керек. Болашақ Президент елдің ертеңі үшін аянбай еңбек етеді деп сенемін.

Әрине, халықтың мүддесі ортақ. Өміріміз жарқын, тұрмысымыз жақсы, бейбіт заманда өмір сүрсек дейміз. Тыныштықты қалап, балаларымыздың бақытты болғанын тілейміз. Біз сайлауға қатысу арқылы мемлекетіміздің тағдырына атсалысамыз. Халықтың дұрыс таңдау жасайтынына сенімдімін. Бәріңізге сәттілік серік болсын!