Кез келген алматылық қаланы абаттандыру идеясының авторы бола алады

Кез келген алматылық қаланы абаттандыру идеясының авторы бола алады
Сурет: Almaty.tv

Ол үшін жобаның budget.open-almaty.kz сайтында тіркелу қажет.

Өтінімдер 20 шілдеге дейін қабылданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аулаларды абаттандыру, саябақтар мен скверлер құру, спорт алаңдарын немесе көшелерді жарықтандыру. Қала тұрғындарының осы және басқа да идеялары бюджет қаражаты есебінен аталған жоба аясында жүзеге асырылуда.

Ұсыныс 8 санаттың біріне сәйкес келуі керек: 1) аумақты көгалдандыру; 2) тротуарларды абаттандыру; 3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу; 4) ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру; 5) жиектерді, кеспе тастарды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу; 6) қоқыс тастайтын жерлерді жою; 7) балаларға арналған ойындар мен ересектердің демалысына арналған лашықтарды, орындықтарды, урналарды, жабдықтар мен құрылымдарды орнату және жөндеу; 8) аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалардың ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.