Кейбір маршруттардың қозғалыс схемаларына өзгеріс енгізілді

Кейбір маршруттардың қозғалыс схемаларына өзгеріс енгізілді
Сурет: Liter.kz

Жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін 12 желтоқсаннан бастап № 217 маршруттың автобустары қаладан Әли кентіне қарай Есқар Беделбаев көшесіндегі № 22 мектепке дейін жетіп, "Әли ауылы" соңғы аялдамасына дейін жүреді. 

Ал № 110 маршрутта соңғы станциядан өту жолы өзгертілді. Енді "Автостанция" соңғы пунктінен оңтүстік бағытқа шыққан кезде автобустар Қарғалы көшесімен Трудовая көшесіне дейін екі бағытта қозғалатын болады.