Кей өңірде тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады

Кей өңірде тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады
almaty-akshamy.kz

"Қазгидромет" РМК  6 қарашаға арналған ауа райы болжамын жасады

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман.  Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі. Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман. 

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз күші 15-20 м/с болады. Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Түркістан облысының солтүстігінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жетісу облысы Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақытта 25 м/с болады.