Алматыда таеквондодан республикалық турнир өтті

Алматыда  таеквондодан  республикалық турнир өтті
Сурет видеодан алынды

Командалық жарыста барлық санаттар бойынша алматылық спортшылар көш бастады

Алматыда «Жеңіс» кәсіпқой спорт клубының кубогы үшін таеквондодан дәстүрлі республикалық турнир өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Хабар 24» сілтеме жасап.

Оған Қазақстанның барлық облыстарынан 1,5 мыңнан астам спортшы қатысты. Жеңімпаздар жасына қарай 3 санатта анықталды. Бұл – кадеттер, жасөспірімдер және жастар.

Таеквондо федерациясының өкілдері осындай жарыстар жас спортшыларды шыңдап, олардың кәсіби өсуіне жол ашатынын атап өтті.