Келісім берілген митингті ұйымдастырушылар оны өткізуден бас тартты

Келісім берілген митингті ұйымдастырушылар оны өткізуден бас тартты
Сурет: Ktk.kz

«Жас кәсіпқойлар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі келісілген митингті өткізуден өз еріктерімен бас тартты

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес, «Жас кәсіпқойлар қоғамы» РҚБ-нің төрағасы М. Жиембаевқа Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 4/587 қаулысымен 2021 жылғы 27 қарашада сағат 12.00-ден 15.00-ге дейін Шоқан Уәлиханов атындағы гүлзарда «Қазақстан Республикасының сот төрелігінде заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы сот жүйесінің түбегейлі реформасы туралы» тақырыбында митингі өткізу келісілген болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алайда 25 қарашада ұйымдастырушы М. Жиембаевтан әкімдікке жоғарыда аталған митингіні өткізбейтіндері туралы хабарлама түсті.

«Хабарламада «Жас кәсіпқойлар қоғамы» РҚБ-не және митингінің тақырыбына қатысы жоқ топтар мен азаматтар тарапынан үндеулер таралып жатқаны айтылған. Осыған орай, ұйымдастырушылар арандатушылыққа жол бермеу мақсатында митингіні өткізуден өз еріктерімен бас тартқаны хабарланды», – делінген ақпаратта.