Оңтүстік Африкада анықталған коронавирус штаммы Израильде де тіркелді

Оңтүстік Африкада анықталған коронавирус штаммы Израильде де тіркелді
Сурет: Inbusiness.kz

Израильде коронавирустың жаңа штамы табылды

Израильде Оңтүстік Африкада анықталған коронавирустың жаңа штамымен инфекцияның бір жағдайы нақтыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Израильдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Израильге Малавиден оралған азаматтан жаңа штамм табылған. Сонымен қатар тағы екі адам жұқтырды деген күдік бар. Олар сынақтан өтіп, оқшауланудың нәтижесін күтеді.

Бір күн бұрын Израиль Премьер-Министрі Нафтали Беннет Оңтүстік Африкада анықталған коронавирустың жаңа штамына байланысты денсаулық сақтау министрлігі мен азаматтық қорғаныс қызметтерінің басшыларымен шұғыл кеңестер өткізді. Нәтижесінде қара құрлық елдерін «қызылдар» тізіміне енгізді (израильдіктерге баруға тыйым салынды) және олармен әуе қатынасын тоқтату мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Бұған дейін Daily Mail хабарлағадай, Ұлыбритания ғалымдары Ботсванада 32 мутациядан тұратын коронавирус штамының пайда болғаны туралы ескерткен еді.