Келесі жылы спрей түріндегі вакцина шығады

Келесі жылы спрей түріндегі вакцина шығады
Сурет: Egemen.kz

«Спутник» вакцинасының мұрынға арналған спрей түріндегі препараты келесі жылдың басында нарыққа шығады

Бұл туралы компания Twitter парақшасында жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Ресейдің тікелей инвестициялар қорының мәліметінше, «Спутник» вакцинасының дәл осы форматы "омикрон" штамына қарсы тиімді болады.

Коронавирусқа қарсы назальды вакцинаның клиникалық зерттеулері өткен айдың соңында Гамалей атындағы орталықта басталған еді. Орталық басшысы Александр Гинцбургтің айтуынша, назальды вакцинаны қабылдаған адам COVID-19 таратушысы болуды тоқтатады.

Оның айтуынша, вакцина әдеттегі егу қажеттілігін алмастыра алмайды, бірақ оған тиімді қосымша болады.