Келесі жылы үш қаланың әуежайында жаңа терминалдар іске қосылады

Келесі жылы үш қаланың әуежайында жаңа терминалдар іске қосылады
Сурет: Алматы әуежайының баспасөз қызметі

Алдағы жылы Алматы, Шымкент, Қызылорда әуежайларында жаңа терминалдар 

Бұл жайында Көлік министрі Марат Қарабаев Азаматтық авиация қызметкерлерінің күніне орайластырылған мерекелік шарада айтты.

Айта кетейік, биыл елімізде тұңғыш рет Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні аталып өтті. Соңғы уақытта еліміз авиация саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Ұшу қауіпсіздігі әлемдік стандарт бойынша орташа көрсеткіштен 15 пайызға жоғары. Былтыр Қазақстан әуежайлары 26 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылдардағы көрсеткіштермен салыстырғанда 21 пайыз көп.

«Тарихи табыстар өте көп. Мысалы соғыстан кейін Талғат Бигельдинов келді. Одан кейін Салық Ахметов деген жігіттер келді. Қазіргі отандық авиация шарықтап шығып кетті», - дейді азаматтық авиация саласының ардагері Нәсіп Аманов.