«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясына елдің үйіне газ кіргізуге тыйым салынды

«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясына елдің үйіне газ кіргізуге тыйым салынды
Сурет: ашық дереккөз

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өткен жылғы құрылыс-монтаждау нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін тексерді. Оның барысында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның тұтынушылардың үйішілік газ желісін табиғи газға қосу кезінде қызмет көрсетуі дұрыс еместігі белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Осылайша агенттік компанияның мердігерлері мен тәуелсіз құрылысшылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнына салыстырмалы талдау жүргізді.

Ол бағалардың салыстырмалы екендігін және бірдей баға диапазонында екенін көрсетті (кейбір өңірлерде акционерлік қоғам мердігерлерінің қызмет құны жеке компаниялардың ұқсас қызметтерінен жоғары). Оның газдандыру қарқынына әсері шамалы, деп жазды ҚазАқпарат.

Бұл ретте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ұсынатын баға құрылыс нарығында неғұрлым қолжетімді ұсыныстардың болуына байланысты дамыған бәсекесі бар нарықтағы бағаның индикаторы бола алмайды.

Сондай-ақ, мемлекеттің тікелей араласуынсыз газдандыру қарқынын жеделдету мақсатында БҚДА тарапынан тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде 22 маусымда БҚДА акционерлік қоғамға ҚМЖ нарығында, оның ішінде осы жұмыстарды бөгде ұйымдардан сатып алу арқылы жүзеге асыруды тоқтату қажеттігі туралы ұйғарым шығарды.

Нұсқаманы орындауға 15 күнтізбелік күн берілді.