Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
Сурет: интернеттен

Елдің солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Қазгидромет ел аумағында 20 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен елдің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Елдің солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Республиканың шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман түседі.

«Күндіз Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Абай облысында 35-42°с қатты ыстық сақталады. Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік, Шығыс Ақмола облыстарының, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстікте, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады», - деп жазды ведомстводан.