«Қазарнаулыэкспорт» РМК Бас директорының м.а. Аршат Аяғанов ұсталды

«Қазарнаулыэкспорт» РМК Бас директорының м.а. Аршат Аяғанов ұсталды
almaty-akshamy.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі 2024 жылғы 23 ақпанда броньдалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша «Қазарнаулыэкспорт» РМК Бас директорының м.а. Аршат Аяғановтың ұсталғаны туралы хабарлайды.

Бұған дейін "Қазспецэкспорт" РМК бас директоры Арман Рамазановтың ұсталғаны туралы хабарланған болатын. Кейін РМК лауазымды адамдары ұсталды. Олар шамамен 1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Сондай-ақ, "Қазспецэкспорт" басшысы екі айға қамауға алынды. Кәсіпорын басшылары шамамен 1 млрд теңге бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.