Қазақстан–Вьетнам сауда ынтымақтастығы.  Экспорт көлемін арттыру қажет

Қазақстан–Вьетнам сауда ынтымақтастығы.  Экспорт көлемін арттыру қажет
almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 тамыз аралығында мемлекеттік сапармен Вьетнам Халық республикасына барды. Сапар барысында сауда-экономика­лық байланыстардың нығаюы күтілуде. Айта кететіні, мемлекеттік сапарға бұдан бұрын 1113 маусымда баруы керек еді. Алайда, Абай облысындағы орман өрті оны кейінге қалдыруға мәжбүр етті.

ДАЙЫН ӨНІМ АЛЫП, ШИКІЗАТ САТАМЫЗ

Вьетнам сондай-ақ, аграрлы-индустриалды мемлекет. Ин­дустрияландыру мен жоғары технология дамығанына қарамас­тан ауыл шаруашылық өнімдерін көптеп экспорттайды. Ауыл шаруашылық өнімдерінің ішінде теңіз өнімдері, күріш, кофе, каучук өзге елдерге сатылады. Ал импорттайтын негізгі тауар­ларға өнеркәсіп өнімдері, мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, дәнді дақылдар, мақта, цемент жатады.

Қазақстан бұл жағынан мақта, бидай өнімдерін экспорттау­ға мүдделі. Бұл туралы биыл 15–17 наурызда Вьетнамда өткен бизнес форумда да айтылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашы­лық тыңайтқыштарын да сатуға мүмкіндігіміз бар. Алайда, екі елдің сауда-экономикалық саясатын жүзеге асыруда біршама кемшіліктер бар.

Біріншіден, тауар айналымы теріс сальдоны көрсетуде. Мысалы, былтыр жалпы сауда айналым 525 млн АҚШ долла­рын құраса, соның 125 млн-ы ғана экспортқа тиесілі. Демек, біз сатқаннан гөрі, көп нәрсені сатып аламыз. Бәрі әрине, бізге тиімді емес.

Екіншіден, біздің экспорттың құрылымы да стратегиялық тұрғыдан әлсіз. Еліміз шикізатты сатып, дайын өнімдерді сатып алады. Бұл кемшілік тек Вьетнам бағытында ғана емес, өзге де елдермен сауда-экономикалық байланыста байқалады.

Сондықтан Үкіметтің алдында екі міндет тұр. Алдымен экспорт көлемін арттыру, қала берді өндіру өнеркәсібін дамы­тып, дайын өнімдерді сату.

САТУҒА ДА КЕДЕРГІ КӨП

Қазақстан мен Вьетнам арасында сауда-экономикалық бай­ланысты нығайтуға басты алаң – Еуразиялық экономикалық одақ. 2015 жылы ЕАЭО мен Вьетнам арасында сауда байланы­сын нығайту мақсатында еркін сауда келісімі жасалды. Ол 2016 жылы күшіне енді. Алайда, ұзақ уақыт өтсе де әлі күнге дейін ауыз толтырып айтатындай өзгеріс жоқ.

Дегенмен, соңғы жылдағы әлемдегі геосаяси жағдайдың нашарлауы, санкциялық текетірес Оңтүстік Шығыс Азия айма­ғына деген қызығушылықты арттырды. Бұл біздің астықты са­татын жаңа нарықты ашуға итермеледі. Ал 100 млн-нан астам халқы бар Вьетнам таптырмас ел. Десе де, мұнда да кедергілер болуы мүмкін. Біріншіден, вьетнамдықтардың негізгі рационын күріш құрайды. Сондықтан нарық үлкен болмайды. Дегенмен, кеспені де көп тұтынады. Соған сәйкес Қазақстанның тек бидай­ды емес, оны өңдеп, дайын өнім – кеспелерді экспорттауына болады.

Екінші сұранысқа ие тауар – бұл мақта. Мақтаны да кең көлемде экспорттауға болады. Алайда, елімізде мақтаның өнімділігі төмен. Себебі, мақта суды қажет етеді. Ал ауызсу мен шаруашылық су мәселесі өршіп тұрған біздің ел үшін мақта экспортын арттыру қиын болмақ.

Дегенмен, ең басты кедергі ЕАЭО-ға мүше елдердің экспорт құрылымы бірдей болуында. Бұл жерде Вьетнам сияқты нарық­қа бәсеке болуы мүмкін.

ҮЛГІ АЛАР ТҰСЫМЫЗ КӨП

Ел экономикасының негізгі қозғаушы күші – халқы. Биыл халқының саны 100 млн-нан асты. Елдегі жұмыс күші көп, әрі арзан. Сондықтан инвестициялық жағынан тартымды.

Сыртқы инвестициялық тартымдылық жайлы елге тартыл­ған инвестиция көлемі айтып бере алады. Вьетнамның Жоспар­лау және инвестиция министрлігінің мәліметінше 2022 жылы инвестиция көлемі 27,7 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл жа­ғынан Вьетнам әлемнің үздік 30 елі қатарында. Мысалы, 2019 жылғы Бүкіл әлемдік банктің сыртқы инвестиция тарту рей­тингісінде 22-орынды иеленген. Ол кезде инвестиция көлемі 15,5 млрд АҚШ долларын құраған.

Инвестицияның басым көпшілік сала бойынша тартылуы, ел экономикасының әртараптанғанын (диверсификация) көрсе­теді. Мысалы, 2022 жылы ұлттық экономикадағы 21 саланың 19-ына сырттан инвестиция салынған. Жалпы инвестицияның 60%-ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Одан кейінгі орында жылжы­майтын мүлік саласы. Мұнда 4,5 млдр АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған. Сондай-ақ, электроқұрылғылар өндірісі мен ғылыми-техникалық салаға инвестиция көп салынған.

Қала берді елдің инвестициялық саясаты тек елге қаражат алып келумен шектелмейді. Мұнда жоғарыда атап өткеніміздей, инвестициялық диверсификацияға мән береді. Сонымен қатар, инвестицияның жаңа жобаларға (стартаптарға) салынуына мән беріледі. Мысалы, өткен жылы көтерме және бөлшек саудаға тартылған инвестицияның 30%-ы стартаптарға салынған. Сол сияқты, өңдеу өнеркәсібінің 25%-ы және кәсіби ғылыми-техни­калық саланың 16%-ы – стартап.

Жалпы, елге өткен жылы 108 елден инвестиция тартылған. 2022 жылғы мәлімет бойынша елге ең көп инвестицияны Син­гапур құйған. Одан кейін Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай елдері. Елдің инвестиция­лық саясатында Оңтүстік Кореяның рөлі басым. Себебі, капиталдың басым бөлігі жаңа өндіріске, стартаптарға бөлінеді.

«Аlmaty-akshamу», №100, 22 тамыз, 2023 жыл