Қазақстанның төрт облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Қазақстанның төрт облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Сурет: Region-tyumen.ru

Ауа райының қолайсыздығына байланысты.

Қазақстанның төрт облысында мектептер мен колледждердегі сабақтар қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

29 қарашада ауа температурасының төмендеуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына көшірілді. Сондай-ақ Өскемен қаласы мен Алтай, Тарбағатай, Ұлан, Глубоковский, Самара, Катонқарағай, Шемонаиха, Зайсан және Күршім аудандарында 0-11 сыныптар, ал Риддерде 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.

Абай ауданында 1-11 сынып оқушылары, сонымен қатар бірінші ауысымдағы колледждердің 1-2-курс студенттері қашықтан оқытуда.

Қызылордада да ауа райының қолайсыздығы мен екпінді желдің салдарынан 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқитын болады.

Сондай-ақ Қарағандыда бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды.