Қазақстанның футбол құрамасы әлемдік рейтингте нешінші орында?

Қазақстанның футбол құрамасы әлемдік рейтингте нешінші орында?
Сурет: Prosports.kz

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ерлер арасындағы әлем құрамаларының жаңартылған рейтингін жариялады.

Қазақстан құрамасы бір сатыға төмендеп, 101-орында (1209,84 ұпай) тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Рейтинг көшбасшысы Аргентина құрамасы, екінші орында Франция, үздік үштікті Бельгия құрамасы түйіндеді.

Еске сала кетейік, 22 наурызға қараған түні Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекияға қарсы ойын өткізді. Кездесуде ұлттық құрамамыз 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Қазақстан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында өнер көрсету мүмкіндігінен айырылды.