Қазақстанның елшісі АҚШ Президентімен кездесті

Қазақстанның елшісі АҚШ Президентімен кездесті
Cурет: СІМ

Екі ел арасындағы сындарлы серіктестіктің жалғасы

4 сәуірде Ақ үйде өткен протоколдық іс-шара барысында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ Президенті Джозеф Байденмен қысқаша сұхбат өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның барысында қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ілтипат лебізін жеткізіп,  Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілетуге бейілділігін атап өтті,-делінген хабарламада.

Өз кезегінде, америкалық басшы екіжақты және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша екі ел арасындағы сындарлы серіктестіктің жалғасуын оң қабылдайтынын хабарлаған.