Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жылы болады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жылы болады
Сурет: Oir.mobi

Синоптиктер жылы қоңыр күз жалғасын табатынын болжап отыр. 

 «Қазгидромет» мамандары 22-24 қыркүйек күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Жылы қоңыр күз Қазақстан тұрғындарын әлі де қуантады. Еліміздің басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы сақталады, тек Республиканың батыс өңірлері мен оңтүстік-шығысындағы тау бөктеріндегі аудандарында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі және жел күшейеді»,- делінген мамандардың болжамында. 

Түнгі уақытта ауа температурасы әлі де салқын болғанымен, термометр бағандары күндізгі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша 20-34 градус шегінде сақталады және тек еліміздің батысында ғана ауа температурасының аздаған төмендеуі болжанады.