Қазақстаннан Батумиге әуе рейстері қайта ашылады

Қазақстаннан Батумиге әуе рейстері қайта ашылады
Сурет: Poedem.kz

Рейстер аптасына бес рет қатынайды.

Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, 3 маусымнан бастап Алматыдан Батумиге рейстер ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Әуекомпания өкілдері жолаушыларға әуе билетін сатып алмас бұрын, Грузияға кіру ережелерімен танысуға кеңес берді.

Еске салайық, Грузияға Қазақстаннан аптасына 22 рейс: Алматы – Тбилиси (Air Astana - төрт); Атырау – Кутаиси (Fly Arystan - үш); Нұр-Сұлтан – Кутаиси (Fly Arystan - төрт); Ақтау – Кутаиси (Fly Arystan - үш); Шымкент – Кутаиси (Fly Arystan-үш). Arystan-екі); Ақтау – Тбилиси (SCAT - төрт); Ақтөбе – Тбилиси (SCAT - екі) бар.