Көкшетауда мектептен қолдан жасалған жарылғыш құрылғы табылды

Көкшетауда мектептен қолдан жасалған жарылғыш құрылғы табылды
Cурет: Ашық дереккөз

Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жару ісі жүргізілді

№2 орта мектептің меңгерушісі полицияға хабарласып, қоймадан қолдан жасалған жарылғыш құрылғыға ұқсас зат табылғаны туралы айтқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, барлығын оқу орнынан эвакуациялады. Оқиға орнынан олар сымдары бар қаңылтыр ыдысты тапты.

«Қарумен шұғылданатын техник-мамандар табылған құрылғыны зерттеді. Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында, қолданыстағы іс-қимыл алгоритміне сәйкес, оны сол жерде жою туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жару ісі жүргізілді»,-деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқиға орнында облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен жарумен шұғылданатын техник-мамандар жұмыс істеді.

Азаматтардан үрейленбеуді және тек ресми ақпарат көздерінен алынған деректерге сенуді сұраймыз, - деді полицейлер қала тұрғындарына.