Қазақстан күнбағыс майының экспортын ұлғайтты

Қазақстан күнбағыс майының экспортын ұлғайтты
Сурет: Hi-chef.ru

Еліміз күнбағыс майының экспортын ұлғайтты.

2022 жылдың басынан бері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 29 мың тоннадан 141 тоннаға дейін 5 есе өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлайды. Экспортталатын күнбағыс майының басым бөлігі Өзбекстанға жеткізіледі. Сондай-ақ, қазақстандық өнімді Ауғанстан, Тәжікстан және Қытай елдері сатып алады.

Жаңа нарықтарды игеру жалғасуда. Жақында күнбағыс майын Чехия, Литва және Түркия мемлекеттеріне жеткізу жоспарланған.