Қазақстандықтардың қаржылық шығыны 15%-ға өсті

Қазақстандықтардың қаржылық шығыны 15%-ға  өсті

Өңірлер бойынша ең көп шығын Алматы қаласының тұрғындарына тиесілі.

2021 жылдың үшінші тоқсанында жан басына шаққандағы шығын 206,4 мың теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артық, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша ең көп шығын Алматы қаласының тұрғындарына тиесілі: 2021 жылдың үшінші тоқсанында 178,4 мың теңгені құраған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,1%-ға көп. Сонымен қатар Қарағанды облысы (жан басына шаққанда 269,3 мың теңге, бір жылда 15,2%-ға артқан) мен елорда (252,4 мың теңге, бір жылда 24,1%-ға артқан) тұрғындарының шығындары жоғары. Биыл Түркістан облысы тұрғындарының шығындары күрт өсті: бір жылдың ішінде 26%-ға көтеріліп, 141,5 мың теңгені құрады; Атырау және Маңғыстау облыстары тұрғындары шығындарының өсуі ең аз айырмашылық көрсетті – бір жылда екі өңірде де 5,7%-ға артып, сәйкесінше 167,5 мың және 163,6 мың теңге болды.

Шығындардың 93,3%-ы – тұтынушылық шығындар: 192,5 мың теңге – өткен жылмен салыстырғанда 15,5%-ға көп. Олардың ішінде 109 мың теңге азық-түлік тауарларына жұмсалған, азық-түлік емес тауарларға 51,3 мың теңге; ақылы қызметтерге 32,3 мың теңге кеткен. Несие мен қарыздарды жабуға 9,8 мың теңге жұмсалған, туыстарға материалдық көмек пен алиментке 3,7 мың теңге, салық және өзге де төлемдерге 395 мың теңге жұмсалған.