Қазақстандықтардың алғашқы легі ертең қажылыққа аттанады

Қазақстандықтардың алғашқы легі ертең қажылыққа аттанады
Сурет: Sputnik.kz

Биыл Қазақстаннан 4 мың адам үлкен қажылыққа барады.

ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітовтің айтуынша, биыл үлкен қажылықтың уақыты 7-12 шілде аралығы деп белгіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстаннан қажылыққа аттанушылар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтау қалаларынан тікелей рейстер арқылы Сауд Арабияның Жидда мен Мәдина қалаларына барады.

Олар осы төрт қаладан 28 маусым мен 3 шілде аралығында аттанып, 15-21 шілде аралығында елге оралады.

Биыл қажылыққа елімізден 4000 адам аттанады. Бірақ 65 жастан асқан қазақстандықтар қажылыққа бара алмайды. Сауд Арабиясы осындай талап қойған. Қажылық науқанында қазақстандық қажыларға 14 туристік компания қызмет көрсетеді.

Қазақстандықтарды қасиетті сапарға отандық Air Astana және SCAT, ал Сауд Арабиясы тарапынан FlyNas әуе компаниясы тасымалдайды.