Қазақстандықтардың 72%-дан астамы референдум өткізуді қолдайды

Қазақстандықтардың 72%-дан астамы референдум өткізуді қолдайды
Сурет: Kaztag.kz

Ел тұрғындарының шамамен 68,92%-ы дауыс беруге бармақ.

Соңғы күндері сарапшылар өткізген әлеуметтік сауалнамалар конституциялық түзетулер бойынша референдум идеясын қазақстандықтардың қолдауы артқанын көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 78,52%-ы референдум биылғы жылдың 5 маусымында өтетінін біледі, ал қазақстандықтардың 72,01%-ы референдум өткізу идеясын қолдайды. Бұл ретте қазақстандықтардың шамамен 68,92%-ы дауыс беруге баруды жоспарлап отыр. Өз таңдауын әлі айқындамағандар – 21,79%. Референдум туралы хабардар болу көрсеткіштері 7%-ға, келу ниетінің көрсеткіштері 2%-дан астам өсті.

Әлеуметтік зерттеуді 17-19 мамырда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі онлайн-сауалнама әдісімен жүргізілді. Іріктемеге 18 жасқа толған және одан асқан 4000 респондент алынды.

Сауалнама орындары ретінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және елдің 14 облысы таңдалды.