Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады?

Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады?
Сурет: Astanatv.kz

Ел тұрғындарның мамыр айында қанша күн демалатыны белгілі болды.

Еgov.kz-те мамыр айында үш мемлекеттік мереке тойланатыны көрсетілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстандықтар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі; 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні; 9 мамыр – Жеңіс күнін атап өтеді.

Мереке қарсаңында бес күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2 мамыр – жұмыс, 4 және 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 мамыр – жұмыс болады.

Ал алты күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2, 3, 4 мамыр – жұмыс, 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 және 11 мамыр – жұмыс күні көрсетілген.