Қазақстандық велоспортшылар Азия чемпионатында «алтын» жеңіп алды

Қазақстандық велоспортшылар Азия чемпионатында «алтын» жеңіп алды
Сурет: Olympic.kz

Таиландтың Районг қаласында шосседегі велоспорттан Азия чемпионаты басталды.

Қазақстан командасы турнирде алғашқы медальге ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Olympic.kz-тің ақпараты бойынша, спортшыларымыз «алтын» жеңіп алды. Қазақстандық велошабандоздар командалық жарыста (микст) бірінші болып келді. Ел намысын Рината Сұлтанова, Игорь Чжан, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Махаббат Үмітжанова, Марина Кузьмина қорғады.