Қазақстандық теннисші Турин турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Турин турнирінің жартылай финалына шықты
Сурет: Ашық дереккөз

Қарсыластар келмей қалды

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Италияда өтіп жатқан Турин челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге ширек финалда аргентиналық Себастьян Баес – бразилиялық Тьяго Уайлдпен кездесуі керек еді.

Алайда қарсыластары келмей қалды да, А.Голубев пен Д.Молчанов ойнамастан жартылай финалға жолдама алды.

Сонымен қатар осы додада Александр Недовесов сербиялық Никола Качичпен бірге бастапқы бәсекесін сәтті өткізді. Олар италиялықтар Флавио Коболли – Джулио Зеппиериді 5:7, 7:6 (7:4), 10:6 есебімен тізе бүктірді, деп жазды ҚазАқпарат.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген А.Недовесов пен Н.Качич жартылай финалға шығу үшін румыниялық Влад Виктор Корня – венесуэлалық Луис-Давид Мартинеспен таласады.

Қос қазақстандық теннисші алдағы қарсыластарын ұтса, финалда ғана кездесуі мүмкін.

Тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин хорватиялық Звонимир Бабичпен бірге Португалияда өтіп жатқан Оэйраш челленджер турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Олар ширек финалда португалиялықтар Джейми Фария – Энрике Рошадан жеңіліс тапты – 1:6, 4:6.