ШҚО-да келіндер байқауы өтті

ШҚО-да келіндер байқауы өтті
Cурет: Ашық дереккөз

Байқаудың басты талабының бірі – қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарын әзірлеу

Ұйымдастырушылардың айтуынша, облыстық Достық  үйінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған байқау жылдағыдан өзгеше, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

«Бүгін дәстүрлі «Аяулы жас келін» байқауын облысымызды 9-рет өткізіп жатырмыз. Бүгінгі конкурстың ерекшелігі, әр ұлт ұлт өкілдерінің келіндері қатысып жатыр. Орыс, украйн, шешен ұлтының өкілдері қатысып жатыр»,-дейді қазылар алқасының төрайымы Арайлым Есімбекова. 

Өскемен қаласынан бағын сынауға келген Анжелика Шабданбаеваның әкесі орыс, анасы украин. Өзі қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан. Интернационалды отбасында тәрбиеленген ол қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлегенді жақсы көреді.   

«Бұл байқауға қазақтың тағамдарын дайындадым. Ол қуырдақ. Бұл жердегі қара қуырдақ. Қуырдақтың түр-түрі болады. Бірақ мен қара қуырдақты таңдадым. Себебі, бұл жерге іш май кіреді. Одан кейін бауыр, өкпе, ет кіреді. Қазақтың тағамынан мына жерде сары май, бауырсақ. Өзіміздің ши бауырсағымыз. Қымызсыз ешбір той өтпейді деп ойлаймын. Және жеті шелпек. Біздің отбасымызда әр жұма шелпексіз өтпейді»,-дейді байқауға қатысушы Анжелика Шабданбекова. 

Байқаудың басты талабының бірі – қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарын әзірлеу. Риддер қаласынан келген Ардақ Малтаева қазылар назарына үлпершекті ұсынды. 

«Үлпершек тағамы малдың жүрегінен жасалады. Ол яғни тұрмысқа шыққан қыздың ата-анасы біз сені сағындық, сен біздің жүрегіміздесің деп сағыныштарын жіберген болатын»,-деді байқауға қатысушы Ардақ Малтаева.