Қазақстандық теннисші Испаниядағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Испаниядағы жарыстың ширек финалына шықты
Сурет: Ашық дереккөз

Т.Скатов жартылай финалға шығу үшін ресейлік спортшымен таласады

Қазақстанның екінші, әлемнің 155-ракеткасы Тимофей Скатов Испанияның Жирона қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші алдымен дүниежүзілік рейтингте 172-орында тұрған франциялық Лорен Локолиді 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Содан кейін екінші айналымда әлемнің 214-ракеткасы, сербиялық Мильян Зекичті жолдан тайдырды – 6:0, 6:4.

Т.Скатов жартылай финалға шығу үшін рейтингте 241-сатыдағы ресейлік Иван Гаховпен таласады.

Қазақстандық, әлемнің 343-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Францияның Лилль қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінде аса тартысты бәсекеде 18 эйс жасағанымен, рейтингтегі 99-орындағы аустралиялық Макс Перселге есе жіберді – 6:7 (1:7), 6:2, 6:7 (5:7).

Осы жарыста әлемнің 275-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингте 348-сатыдағы франциялық Кенни Ди Схепперге жол берді – 2:6, 3:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Майами мастерс турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Серена Уильямстің тарихи нәтижесін қайталады.

Елена Рыбакина эйс жасау жөнінен әлем теннисшілерінің көшін бастады.

Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионатының жолдамасы үшін Жапониямен таласады.