Елімізде жұмыссыздық деңгейі 5% болды

Елімізде жұмыссыздық деңгейі 5% болды
Сурет: Ашық дереккөз

Жұмыс істейтін 9 миллион адам бар

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Есептеулер Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша жүргізілді. Жұмыссыздар саны 458,3 мың адамды құрайды. Жастардың үлесі 6,5 пайызды құрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2022 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 9 миллион адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде:

6,9 млн адам жұмысшылар;

2,1 миллионы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Бұған дейін мамандар 2030 жылға дейін сұранысқа ие болатын мамандықтарды атаған болатын. Олардың пікірінше, қазіргі уақытта Қазақстанда жұмысшылардың басым бөлігі төмен және орташа біліктілік талап етілетін салаларда жұмыс істейді.