Алматылық ұстаздар «Математикалық регата» олимпиадасында жеңімпаз атанды

Алматылық ұстаздар «Математикалық регата» олимпиадасында жеңімпаз атанды
Сурет: Ашық дереккөз

Жарыс нәтижесінде алты үздік команда анықталды

27-29 наурыз аралығында математика пәні мұғалімдеріне арналған "Математикалық регата" республикалық олимпиадасы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, олимпиадаға еліміздің әр өңіріндегі білім беру ұйымдарынан 23 үздік команда қатысты. Олар математикалық анализ негіздері, алгебра, геометрия және логикалық, комбинаторлық тапсырмалар орындап, сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша, бірінші орынды Алматы қаласының командасы жеңіп алды. Шығыс Қазақстан облысы мен Жетісу облысының математиктері екінші орынды иеленсе, үшінші орынды Алматы, Ақтөбе облысы және Назарбаев зияткерлік мектептер желісінің педагогтері алды.