Қазақстандық гандболшылар 29 жылдан бері алғаш рт алғаш рет Азия чемпионатына аттанады

Қазақстандық гандболшылар 29 жылдан бері алғаш рт алғаш рет Азия чемпионатына аттанады
Сурет: Olympic.kz

Бахрейннің Манама қаласы гандболдан ерлер арасындағы кезекті Азия біріншілігін қабылдайды.

Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысады, деп хабарлайды Almaty-aksamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Құрлық додасында 16 команда бақ сынайды. Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын жарыс қожайыны Бахрейнге қарсы өткізеді. 

Бұдан бөлек D тобында тағы БАӘ мен Гонконг бар.

Чемпионат нәтижесінде 2025 жылы қыста Хорватия, Дания мен Норвегияда өтетін 4 құрама әлем чемпионатына жолдама алады. 

Айта кетелік, Қазақстан командасы араға 29 жыл салып, құрлық бәсекесінде бақ сынайды. Соңғы рет гандболдан ерлер командасы 1994 жылғы Азия біріншілігіне қатысып, 8-орын иеленген.