Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда дауыс берді

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда дауыс берді almaty-akshamy.kz


Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz тілшісі.


Кезектен тыс президент сайлауында дауыс беру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев №58 сайлау учаскесіне сағат 8.48-де келді.


Аталған сайлау учаскесінің төрайымы Қымбат Мұқанованың айтуынша, аталған учаскеде 2627 адам тіркелген. Қазіргі уақытта 200-ден астам сайлаушы дауыс беріп үлгерген.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірнеше саяси партия мен республикалық қоғамдық бірлестік халықтық коалиция ретінде ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевті 12 қазанда үміткер ретінде тіркеді.


Қ. Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб өкілдері еліміздің барлық өңірлерін аралап шықты.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21

14:17

13:51

13:42

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46