Қазақстандық файтер Алматыда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер Алматыда жекпе-жек өткізеді
Сурет: Ашық дереккөз

Чемпиондық атағын қорғайды

Еуразиялық промоушен Райымбек Асанның (2-0) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 29 сәуірде Алматыда өтетін  OCTAGON 44 турнирінде сегізбұрышқа шығады.

Eurasian Fighting Promotion турнирінің келесі жарысы 29 сәуірде Алматыда өтеді. Турнирдің негізгі кездесуінде Магомед Магомедов (11-0) Әділ Боранбаевпен (21-9-1) жекпе-жекте жартылай орта салмақта чемпиондық атағын қорғайды.

Сондай-ақ, жекпе-жек шоуы аясында қазақстандық танымал сериалдар мен фильмдер актері Еркебұлан Тоқтар (5-2) октогонға оралады. Қазақстандықтың қарсыласы ирандық Мохаммед Реза (4-3-1) болмақ.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі.