Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында жүлделі болды

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында жүлделі болды
Сурет: Elorda.info

Хорватияның Дубровник қаласында дзюдодан Еуропа кубогы өтіп жатыр. 

Қазақстандық дзюдошылар жарыстың алғашқы күні 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

Құрмет тұғырының жоғарғы сатысына Ғұмар Қырғызбаев (66 келі) көтерілді.

Толғанай Әбеуова (52 келі) мен Эсмигүл Куюлова (63 келі) күміске қол жеткізді. Ал Бауыржан Нарбаев (60 келі), Ақерке Рамазановаға (+78 келі) турнирдің қола жүлдесі бұйырды.