Қазақстандық боксшылардың IBF-тің жаңартылған рейтингісіндегі орны анықталды

Қазақстандық боксшылардың IBF-тің жаңартылған рейтингісіндегі орны анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшыларымыздың рейтингтегі орны:

Sports.kz-тің мәліметінше, екінші орта салмақта Әли Ахмедов алтыншы орында қалды. Бұл дивизиондағы әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес болса, британдық боксшы Уильям Скалл тізімде көш бастап тұр. Екінші позиция бос тұр, үшінші орынға америкалық Калеб Плант есімі жазылған.

Орта салмақ санатында чемпион атағы Геннадий Головкинге тиесілі. Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші қатарды сақтап қалды. Үздік «үштікке» бразилиялық Эскива Фалькао, австралиялық Майкл Зерафа және мексикалық Хаме Мунгуя енді.

Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек бұрынғыдай – 13-ші орында. Әлем чемпионы тәжікстандық Шавкат Рахимов болса, чемпиондыққа ең жақын үміткер – үшінші орында тұрған француз Самир Зиани.