Қазақстандық баспалар Арбатта жаңа кітаптарын таныстырды

Қазақстандық баспалар Арбатта жаңа кітаптарын таныстырды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыдағы Арбатта кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. Оған отандық баспалар қатысып, жаңа туындыларын көпшілікке ұсынуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы Кітапханалары ұйымдастырған шарада қала тұрғындары мен қонақтары классикалық әдебиеттен заманауи бестселлерге дейін әртүрлі тақырыптар мен жанрлардағы кітаптарды сатып алуға болады. Келушілер музыкалық қойылымдарды тамашалап, кітап авторларымен кездесулер өткізіп жатыр.

Айта кетерлігі, Алматы Кітапханаларынан оқырман билетін көрсеткен азаматтарға 10-40% дейін жеңілдіктер қарастырылған.