Қазақстандық 5 кәсіпорын ТМД кеңістігінде үздік сапа белгісіне ие болды

Қазақстандық 5 кәсіпорын ТМД кеңістігінде үздік сапа белгісіне ие болды
Сурет: 24.kz

Еліміздің кәсіпорындары ТМД-да үздіктер қатарында.

Отандық өнеркәсіп орындары қызметін сыртқы нарыққа да ұсынып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Соның бірі – елордадағы полиграфия орталығы. 100 адам жұмыс істейтін мекеме шағын кәсіпкерлік субъектілер арасында үздік шықса, Павлодардағы құбыр өндіретін компания ірі бизнес құрылымдардың көшін бастады. Атыраудағы бекітпе бөлшектерін шығаратын кәсіпорын мұнай-газ саласына үздік қызмет көрсетуші атанды.

«Бизнес процестердің жоғары стандартқа сәйкестендірілуі көрсетілетін қызмет пен жасалатын өнімнің сапасын жақсартуға жол ашады. Халықаралық сарапшылар осы жағдайды бағамдайды. Қазақстанның 5 бірдей кәсіпорны үздік деген бағаға ие болды. Байқаудың 17 жылдық тарихында біз мұндай көрсеткішке қол жеткізбегенбіз», - дейді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Салтанат Әбдікәрімова.

Байқау өндірушілердің әлеуетін жақсартып, өзара сауда айналымын арттыруды мақсат етеді. «ТМД үздік сапа» белгісіне ие болған бизнес серіктестер үш жыл бойы өнімдерін әлемдік нарыққа ұсына алады.